Тараз. 17 қараша. 77news — Швед компаниясы адамның дене мүшелерін басып шығаруға мүмкіндік беретін 3D-принтер ойлап тапты, деп жазады ВВС. Бұл құрылғы адам ағзаларын жіңішке ине арқылы көк сиямен принтерден шығарады.

Сырттай қарағанда, бұл процесс киімнің үстіне өрнек салып жатқан жоғары технологиялы тігін машинкасына ұқсайды. Бірақ кейіннен өрнеуліктер ұлғаяды. Адамның шынайы жасушалары бар биосиядан салынған мұрын шыныда өсіріледі. Ол ультракүлгін сәуледе айқын көрінеді. Швед компаниясы ойлап тапқан құрылғының басты мақсаты — медициналық дәрілер мен косметикада тестілеу үшін қолдануға мүмкіндік беретін адамның терісі мен шеміршектерін жасап шығару.

Жаңа құрылғыны ойлап табушы 28 жастағы Гатенхольм 20 жылдан кейін осы технологияның көмегімен адамдардың дене мүшелерін жасап шығаруға болатынына сендіруде. Айта кетейік, Эрик Гатенхольм Cellink швед компаниясының негізін қалаушылардың бірі және басшысы.