Тараз.77NEWS — Мерке ауданында асыл тұқымды мал басы артып келеді. Үкіметтің көмегіне сүйенген шаруалар бүгінде сапаға баса мән беруде. Соның арқасында ет және сүт өнімдерін алуда айтарлықтай табысқа қол жеткізіп жатыр. Соның бірі – еселі еңбектерімен көзге түсіп жүрген «Бахор» шаруа қожалығы. Бұл туралы 77news.kz ақпарат агенттігі zhambylnews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бахор шаруа қожалығы 2003 жылы құылған. Алғашында егін шауашылығымен айналысқан олар, көп ұзамай-ақ мүйізді ірі қараға ден қояды. 2015 жылы  қаржылай қолдау қорынан  35 милион теңге алып, ресейден 100 бас мүйізді ірі қара жеткізеді. Сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырлар төл есебінен көбейіп, бүгінде оның саны 200-ден асқан. Тәулігіне әр малдан 30 литр сүт алынып, ол аудан орталығында орналасқан Меркі ірімшік зауытына өткізіледі. Шаруашылық жақында америкалық технолгия бойынша қолдан ұрықтандыруды қолға алыпты.

Қолдан ұрықтандырылған малдар төлдеп те жатыр. Бұзаулар ерекше күтімге алынған. Жем-шөп қоры жеткілікті. Мал азығы негізінен шаруашылықтың шабандығынан жеткізіледі. Мұнда 10 адам еңбек етсе, ветеринар   төлден шығын шығармауға барлық жағдайды жасап отыр.

Евгений Садовой,  Ветеринар:

– Жаңа туылған бұзаулар ерекше күтімді қажет етеді. Оларға франциядан алынған вакциналарды егеміз.  Соның арқасында төліміз де аурудан аулақ. Жақсы өсіп-жетіліп жатыр.

Шаруашылық еңбектерін еселей түспекші. Жыл сайын мал басы артып келе жатқандықтан, тағы бір база салуды да жоспарлап отыр. Ол кезде қосымша жаңа жұмыс орны да ашылмақ.