Тараз.77NEWS — «Қазақстан журналистер одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Облыстық журналистер одағының тізгінін Дәулет Төленді алды.

Еңбек  жолын облыстық “Арай” жастар газетінде бастаған Дәулет Төленді Тараз қалалық “Жамбыл Тараз” газетінде де біліктілігімен көзге түскен болатын.  Одан кейін “Арай” жастар газетінде де бас редактордың орынбасары қызметін атқарып, басылымның жаңа бағыт алып, оқырмандарының көбеюіне  үлес қосты.

Бұдан бөлек, бірнеше республикалық басылымдарда еңбек еткен ол қаламы қарымды журналист екенін дәлелдеді. Сонымен бірге  біршама уақыт Астана қаласында Ішкі істер министрлігі Медиа орталығында бас директордың орынбасары болды. Сондай-ақ облыстық «Ақ  жол» газетінде бас редактордың орынбасары қызметінде де болды. Қазір «Арай» жастар газетінін директоры болып жұмыс атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бұл жауапты қызметті облыстық «Ақжол» газетінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлы атқарған.