Тараз.77NEWS — Бүгін сағат 19.00-де жергілікті «JAMBYL» телеарнасында облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен «Әкім сағаты» хабары өтеді, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тікелей эфирде өтетін хабарда Асқар Исабекұлы өзі басшылыққа келген бір жылға жуық уақыт ішінде аймақта атқарылған ауқымды жұмыстар туралы жан-жақты баяндайтын болады. Өңірді өркендету жолындағы оң өзгерістер мен баянды бастамалардың барысы жайлы да айтылмақ. Облысқа қатысты алдағы жоспар, экономикалық — әлеуметтік дамыту шаралары, Тараз шаһарының шырайын арттыруға арналған жұмыстар туралы толығырақ білгіңіз келсе, «JAMBYL» телеарнасындағы арнайы хабарды жіберіп алмаңыздар.  Көкейдегі көп сауалды тікелей эфирде жолдап, жауап алуға болады.