Тараз.77NEWS — Бүгін Тараз қаласында «Жыл үздіктері — 2018» атты облыстық спортшыларды марапаттау кеші өтті. Кештің алғысөзін облыс әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков бастады,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен Дзюдодан олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпиорны, Азия чемпионы Елдос Сметовтың алғашқы жаттықтырушысы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы — Ахмет Жұмағұл, самбодан ардагерлер арасында Әлемнің 7 дүркін чемпионы – Алмас Мұсабеков, Қол күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы – Виталий Трубин, самбо күресінен Әлем чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дидар Молдағалиевтің алғашқы жаттықтырушысы — Бауыржан Бекұзақов марапатталды. 


Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаты Жүзуден жазғы XV Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионы, 2018 жылғы Джакарта мен Паленбанг қалаларында өткен жазғы Пара Азия ойындарында 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальдар иеленген Зульфия Габидуллинаға тапсырылды.

«Жылдың үздік спортшысы» атағын каратэден Азиаданың екі дүркін чемпионы Гузалия Гафурова иемденді.«Жылдың үздік жаттықтырушысы» каратэден Жамбыл облысы құрама командасының бас жаттықтырушысы, Г.Гафурованың жеке жаттықтырушысы Дулат Құсбеков атанды.