Тараз.77NEWS — Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Еркебаев, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ержан Жұмабеков, Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Даурен Омаров, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жандос Тойшыбековтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Спикерлер «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде атқарылып жатқан жобалары» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Агенттіктің тұрақты бақылауында тұрған басым мәселелердің бірі ол – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беруі және қабылдаулары. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда көзделген шектеулерді сақтау мақсатында, Департаментпен мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтар қабылдамауы бойынша тұрақты негізде алдын алу іс-шаралары, әсіресе мереке қарсаңында ұйымдастырылып келеді. Мәселен, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің (Әдеп жөніндегі кеңестер мен АМТ мүшелері) белсенді қатысуымен 64 мемлекеттік мекемелерде рейдтер өткізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге жеке және заңды тұлғалардың сыйлықтар беруін болдырмау бойынша шаралар қабылданды.
Бұл орайда, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кез келген нысандағы сыйлықтар алу тыйым салынғанын атап өткен жөн. Егер сыйлықтың құны 2 АЕК-тен (4 810 теңге) төмен болса, сыйлық беруші үшін 200 АЕК (481 000 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Алушыға – 600 АЕК (1 443 000 теңге). Одан жоғары сомалар пара ретінде бағаланады және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.