Тараз.77NEWS — Бүгін әулиеаталық 29 жас ақынның өлеңдері топтастырылған «Жамбылдың жауқазын жырлары» жыр жинағы жарық көрді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Өңірдің жас Кітаптың алғы сөзін аймақ басшысы Асқар Мырзахметов пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов жазған.

Жырларым жинақта жарияланса деген жастардың қатары аз болмаған. Сондықтан кіл мықтыны анықтап, шығармаларды іріктеу жөніндегі арнайы комиссия құрылған. Құрамында Қайырбек Асанов, Үміт Битенова, Ерман Әбдиев сынды зиялылар 51 үміткердің ішінен 29 ақынның туындыларын жаңа жинаққа енуге лайық деп тауыпты. 

Бір айта кетерлігі, тұсауы кесілген кітапқа жас ақындардың бұрын-соңды өзге топтамалар мен жинақтарға енгізілмеген өлеңдері топтастырылған.