Тараз.77NEWS — Жамбыл облысында тарифтерді төмендету жөнінде берілген тапсырмалар бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде тауарлық газ тарифі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан тауарлы газдың шекті бағасы Жамбыл облысына 11,4%-ға немесе 21,1 теңгеден 18,7 теңгеге төмендетілді, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сонымен қатар, тауарлы газды тасымалдау қызметі де 25%-ға, яғни 1,0 м3 үшін 8,5 мың теңгеден 6,4 мың теңгеге төмендетілген. Нәтижесінде, тұрғындар үшін тауарлы газдың бөлшек сатылымдағы бағасы 1,0 м3 үшін 6,3%-ға немесе 27,2 теңгеден 25,5 теңгеге арзандаған. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ерболат Дүйсембиев, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаровтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Спикерлердің айтуынша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Жамбыл ГРЭС» АҚ-мен өндіретін электр энергиясының тарифі 14%-ға немесе 9,5 теңгеден 8,1 теңгеге дейін және «Таразэнергоорталық» (ТЭЦ-4) 19%-ға немесе 11 теңгеден 8,7 теңгеге түскен. «Электр энергиясын тасымалдайтын «ЖамбылЭлектрЖүйесі» мекемесінің тарифін 1-қаңтардан бастап 1,07%-ға төмендету бойынша келіп түскен ұсынысы қаралуда. Нәтижесінде, қолданыстағы тариф 5,62 теңгеден болжаммен 5,56 теңгеге төмендейді. Электр энергиясын жабдықтайтын «ЖамбылЖарықСауда» мекемесінің тарифі 3,9%-ға дейін төмендету қаралуда. Нәтижесінде тұрғындарға арналған қолданыстағы тариф 15 теңгеден болжаммен 14 теңгеге түседі. Сәйкесінше, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның жылу қуатының тарифі тұрғындар үшін 11,4%-ға кемітілді», — деді Бекболат Серікбекұлы. Атап айтар болсақ, жылу қуаты есептеу құралдары бар тұтынушыларға 1 Гкал үшін 1694 теңгеден 1502 теңгеге, есептеу аспаптары жоқтарға 3688 теңгеден 3267 теңгеге төмендетілген. Бұл жұмыстар шағын Қаратау, Шу қалаларында да атқарылуда. Ал ауыз сумен қамту саласында ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап, тұрғындар үшін 1 м3 суық су бағасы 21,9%-ға, кәріз қызметі 0,4%-ға арзандаған. «Пәтер иелерінің коперативтері, тұрмыстық қатты қалдықтар және лифт қызметтері тарифі бойынша тұрғын үй коперативтері қызметінің тарифі 1 қаңтардан бастап 20%-ға немесе 15 теңгеден 12 теңгеге төмендетілді. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі — 5%-ға, яғни бір адамға 100 теңгеден 94,5 теңгеге кемітілді. Лифт қызметі бойынша тариф 7,1%-ға төмендетіледі, 1 пәтер үшін 770 теңгеден 715 теңгеге түсті. Көмір бойынша бүгінге облыс тұрғындарына қажетті 333 мың тонна көмірдің дайындалғаны 100%, оның ішінде сатып алынғаны 304,7 мың тоннаны құрайды, қалған 28,3 мың тоннасы көмір сату орындарында. Үкімет отырысында берген тапсырмаға сәйкес, шұғыл түрде облыста көмір сатумен айналысатын 8 кәсіпкер іріктеліп, көмір бағасын төмендету бағытында кәсіпкерлермен үш ақты Меморандум жасалынды»,-деді Нұрлан Жанұзақұлы. Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда аталған орындарда «Шұбаркөл» көмірін босату бағасы 12 300 теңге, ал «Қаражыра» көмірінің төмен сападағы көмірі 12 000 теңге, байытылған сапалы көмірі 15 500 теңгеден сатылуда.