1997 жылдың  8 қаңтарында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Жамбыл қаласының аты Тараз болып өзгертілді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

1997 жылғы 8 қаңтардағы  Жамбыл қаласының аты ресми түрде Тараз қаласы болып аталына бастады. 2000-жылдық тарихы бар қалалар, әлемде көп емес. ЮНЕСКО тарапынан Тараз қаласының мерейтойын тарихи маңызы бар оқиға ретінде атап өту шешімі  кездейсоқ емес. Бұл біздің жас мемлекетіміздің, терең тарихи тамыры бар екендігін ресми мойындау.

Қала 2000 жыл ішінде атауын тоғыз рет өзгертті. Алғашқыда Талас, содан соң Тараз, Яны Тараз (Жаңа Тараз), Наманған – Көше болып аталынды. 1826 жылдан бастап Әулие ата болып аталынды. 1936-1938 жылдары сол кездегі Қазақстанның КП(б) ОК бірінші хатшысы болған Мирзоян есімімен аталынса, 1938 жылдан бастап Жамбыл болып аталынды.

1997 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысы тұрғындарының өтінішін қанағаттандырып: Жамбыл қаласының атауын Тараз болып өзгерту туралы Жарлығы қабылданды. Сонымен Жамбыл өзінің ежелгі атауына ие болды. Тараз – Қазақстандағы қала, Жамбыл облысының әкімшілік орталығы.

Қазақстанның оңтүстігінде, Қырғызстанмен шекаралас, Талас (Тараз) өзенінің бойынша орналасқан.  Жетісудің ежелгі қалаларының бірі және Алмалықтан (Қытайдағы қазіргі Құлжа қаласының аймағы) Ясы қаласы (қазіргі Түркістан қаласы) бағытында  және ары қарай Сыр (Сырдария) сағасы бойынша Ұлы Жібек Жолының солтүстік тармағының бекеті болып табылған.