Биыл Қазақстан аумағында коммуналдық төлем түрлері арзандады, деп хабарлайды 77news.kz. ақпарат агенттігі.

Айталық Ақмола облысында жылу бағасы 36,8%, Солтүстік Қазақстанда 1,1%, ал Шығыс Қазақстан облысында 2,8% төмендеген. Ел азаматтарының енді газ бен электр энергиясына жұмсайтын шығыны да азаяды. Алматыда көгілдір отын 12%, ал Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарында 6% арзандауы тиіс. Жарық бағасы болса, жеке тұлғалар үшін 1,7-ден 22,32% дейін, ал заңды тұлғалар үшін 18% дейін төмендейді деген жоспар бар.