Тараз.77NEWS — Жамбыл облысы Меркі ауданының тұрғынынан кептірілген марихуана табылды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылы 5 қаңтарыда Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Меркі ауданы, Беларық ауылында осы ауданның 53 жастағы И. есімді тұрғынын ұстады. Ол 2009 жылы ҚР ҚК 259-бабының 1-бөлігі бойынша сотталып, жазасын өтеп келген.

Оны тінту кезінде көк түсті полипропилен қапшығына салынған, жалпы салмағы 2кг 230 гр болатын кептірілген марихуана табылды», — делінген департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. Қазіргі таңда ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын алу тергеу жұмыстары жүріп жатыр.