Бүгін Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар, жауын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді, — бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға, түнде екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Түркістан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.