Фото: Санат Аралбек

Тараз. 77news — Таразда Д.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтары  қойылды.  Ел жадында сақталған ерен тұлғаның 107 жылдық мерейтойын жамбылдық жұртшылық жырақта қалдырмады. Ерін еске алып, ескерткішіне тағзым етті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Фото: Санат Аралбек

Кеңестік Қазақстан тұсында атқа мінген азамат тура 45 жыл ел тізгінін ұстады. Панам да ел, данам да ел деп өзі айтпақшы оның қазақ қоғамына билік мінберінен жасаған жақсылығы көп. Сондықтан, оның туған күні жыл сайын ерекше тойланады. Қонаев өз заманының саясаткері бола білді. Билік басында болған уақыт  күрделі әрі өтпелі кезеңдер болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.