Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — 15-16 қаңтарда  Жамбыл облысында  оңтүстік-батыс аймақтан екпінді жел соғады. Күші кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін барады. Тіпті тұман, көктайғақ болады, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Мамандар қалта телефонына  келген смс хаттарды ескерген жөн дейді. Себебі, ол бұқараның басты қауіпсіздігі үшін. Оның үстіне  алдағы екі күнде ұзақ жолға шығуға кеңес бермейді. Айта кетейік, қазір аймақта күн райы жылы болғанмен апта соңында күн бұзылып, қыстың суығы қайта күшіне енеді деген болжам бар.  Биыл өңірімізде ауа райы құбылмалы болмақ.

Алдын ала болжам бойынша,   синоптикалық процестердің жиі алмасуына байланысты күн райы өзгереді. Аязды және жылы күндер алма-кезек ауысып,  ұйытқымалы жел соғып, түңгі және күндізгі уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі.