Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news   — Мойынқұм ауданында мал ұрлап, айласын асырмақ болғандар қолға түсті. Жергілікті полиция қызметкерлері 7 бірдей ірі қараға барымташылық жасағандарды құрықтады, — деп хабарлайды 77news.kz АА Жамбыл облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында  қарақшылардың Құлан ауданының тұрғындары  екені мәлім болды. Сондай-ақ,  әлгі азаматтардың  бұрын да дәл осы дерекпен  істі болғаны анықталған. Олар төрт түлікті ұрлау барысында  қару қолданғандары мәлім болды. Өйткені тас жолда қолға түскен қос азаматтың көлігінен 4 ірі қараның тұтас еті, суық қару мен балта табылған. Ал ірі қараның кесек еттерін  қарақшылар шұжық шығаратын зауытқа жөнелтпек болыпты.

Қазіргі таңда толық тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал қос күдікті кінәсін қазір толықтай мойындады.