Фото: Азат Байтемір

Тараз. 77news — Жамбыл облысында медициналық құралдарды шығаратын зауыт жұмыс істейді. Емханаларда жиі қолданатын катетрлер, шприцтер  сынды емдеу бұйымдары бүгінде Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылындағы «Super-Pharm» зауытында көптеп шығарылады. Яғни, аталған зауыт қазір құлашын кеңге жайып келеді, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат  агенттігінің тілшісі.

Фото: Азат Байтемір

«Super-Pharm» ЖШС 2011 жылы нарыққа өз өнімдерін ұсынып келеді. Ал сапалы өнімдерге өзге аймақтардан да сұраныс артқан. Тыңбай еңбек  етудің арқасында мамандар, қазір халаттар мен маска, бахила және спирттік сүлгілерді нарыққа шығарып отыр.

Фото: Азат Байтемір

Мәселен, 1 күнде зауыт қызметкерлері 30 мың медициналық маска шығаруға мүмкіндігі бар. Сол себепті, жұмысшылар таңнан қара кешке дейін жұмыс істейді. Өйткені өнімнің сапасында, техникада  ақаудың болмауы міндетті. Қарапайым ғана бір мысал, ота жасауға арналған бір реттік халатты мұндағы  тігіншілер 1 минутта тігіп шығады.  Санмен сөйлетсек,  жұмыс уақытында ондай халаттардың шамамен  600-700 тігіледі.

Фото: Азат Байтемір

Қазір «Super-Pharm» серіктестігінде медицинаға қатысты 40-тан аса өнім өндіріледі. Бұл көрсеткішті арттыру үшін мамандар жаңа зауытты іске қоспақшы. Ал зауыт басшылығы алдағы уақытта қызметкерлердің санын арттырып, өнімді еселеуді көздейді.