Фото: Әділбек Самаликов

Тараз. 77news — Таразда заңсыз құрылысты жаппай сүру жұмыстары жалғасуда. Өңір басшысының тапсырмасына сай, заң талаптарын бұзған ғимараттардың көзін жою мықтап қолға алынып отыр. Бүгін  тағы қаланың орталығында орналасқан сауда үйі сүріліді, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Желтоқсан мен Қойгелді  көшесінің  қиылысында бой көтерген нысан  құрылыс талаптарына мүлде сай емес. Жер учаскесінің белгіленген нысаналы мақсатқа сай еместігін, сонымен қатар қызыл сызықта орналасқандығын  мамандар анықтап отыр. Сауда үйінің иесі сот шешімімен толықтай келісіп, өзі салған ғимаратты өзі бұзуға келісіпті.

Фото: Санат Аралбек

Соңғы уақытта заңды белшесінен басып, өзім білемдікке салынып жүрген кәіпкерлер жетерлік. Алайда, қазіргі таңда олардың  нақты саны белгісіз. Бұл ғимараттарға арнайы тапсырмалар беріліп, құрылыс нормасына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік,  заңға сәйкес келмейтін нысандар сүрілетін болады. Демек қызыл сызықтың үстінде сауда жасаймын дегендерге жол жоқ. Өйткені зерделеу шаралары әлі де жалғасады.