Фото: Шыңғысхан Кеңесхан

Тараз. 77news —  Бүгін Жамбыл облысының құрметті азаматы Саттар Жанәбілов «Тағдырыма ризамын» атты өмірнамалық кітабы жарық көрді. Жамбылдық ардагерлер құрдасының қуанышына ортақтасып, кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысты, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Фото: Шыңғысхан Кеңесхан

Ардагер Саттар Жанәбіловтың кітабы естелік және халық шығармашылығы фольклорына негізделген. Мұнда тек  жеке басына қатысты естеліктер емес, адам, қоғам, заман жайы баяндалады. Әсіресе, автор өзі туып өскен ауылы жайында жылы естеліктер қалдырған. Облысқа құрметті азаматтың сөзінше, өмір сабақтарынан түйгені, ізденіп, білгені  кітапта толығымен қарастырылған.

Фото: Шыңғысхан Кеңесхан

Саттар Жанәбілұлы фольклор жанрына қалам тарта отырып, ауыз әдебиетінің көркемділігіне, адамды тәрбиелеуде үлкен мектеп екеніне кітап беттерінде тоқталған. Ол бұрын ауызша айтылып,  жазба түрінде кездесе бермейтін қисаларды зерттеп, жинаққа енгізген.

Фото: Шыңғысхан Кеңесхан