Фото: Жұмахан Чекаев

Тараз. 77news — Шу ауданын әкімі Қайрат Досаев жастармен кездесті. Белсенді жастардың  көкейінде жүрген мәселелерге құлақ салып,  ақыл-кеңесімен бөлісті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат  агенттігінің тілшісі.

Шуда ауданының 22 пайызын жастар құрайды. Яғни, бұл 14- 29 жас аралығындағы еңбекке қабілетті тұрғындар. Сондықтан жастар жылында жоспарға қойылған жұмыстардың дені соларға қатысты.

Фото: Жұмахан Чекаев

Өткен жылы Шуда 1500 жас маман тұрақты қызметпен қамтылған. Бұл жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асқан. Сондай-ақ, «Zhas Projeсt» жобасы да өз пайдасын тигізген. Кәсіпкерлікті қолдау жобасымен 24 ұсыныс мақұлдан. Нәтижесінде 76 жас екі қолға бір күрек ұстады.