Фото: Жұмахан Чекаев

Тараз. 77news — Жамбыл облысына қарасты аудан әкімдіктері де  өткен жылды қорытындылауда. Мәселен, Шу ауданындағы қала, ауылдық округтердің атқамінерлері 2018 жылдың қорытындысы  бойынша халық алдында есеп беруде, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Шу ауданы бойынша 15 елдімекен бар болса, алғашқылардың бірі болып Ақсу, Алға ауылдық округтерінің әкімдері атқарылған жұмыстарын жіпке тізді.  Қазір  Алға елді мекенінде 3000 мыңнан аса халық тұрады. Мұнда 3 орта, 1 бастауыш мектеп бар. Білім ұяларында 500-ден аса оқушыға, 88 ұстаз  сапалы білім мен саналы тәрбие беруде.

Фото: Жұмахан Чекаев

Ауылда халыққа алғашқы медициналық жәрдем көрсету жайы да назардан тыс қалмаған. 1 дәрігерлік амбулатория мен медициналық тіректер  жұмыс істейді.  Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізілген. Барлық дақылдардың түрлері  егіліп, 30 гектар жерге қант қызылшасы және 650 гектарға мақсары  егілген.  Бұл 47 пайызды құрап отыр. Ал 2019 жылға жүйелі жоспарлар жоқ емес. Шұқыр жолдарды жөндеп, ішкі газ құбырын тарту жұмыстары биыл  іске асыру жоспарлануда.