Фото: Әділбек Самаликов

Тараз. 77news — Енді жылжымалы экологиялық зертхананың жұмысы жүйелене түспек. Өйткені облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, су жаңа жылжымалы зертхана сатып алынды. «Газель» автокөлігінің базасындағы зертхана арқылы мамандар уақытты  үнемдеп, жұмыстарын үдете түспек, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Фото: Әділбек Самаликов

Экология департаментіне 2006 жылы  жылжымалы зертхана беріліпті. Алайда көлік пен сынамаларды жүргізуге қажетті бұйымдар істен шыққан. Яғни 13 жылда жаңаланбаған зертханаға биыл көлік беріліп отыр.  Бюджеттен 23 млн.теңге қаржы бөлініп, көлік және зертханаға қажетті өнімдер Ресейден алыныпты.

Фото: Әділбек Самаликов

2019 жылы экологтарды үлкен жұмыс күтіп тұр.  Жұмыс жоспары бойынша 34 ірі кәсіпорындарға  мониторинг жұмыстары жүргізілмек.  Бұдан бөлек, жоспардан тыс апаттық жағдайлар бойынша зерттеулер жолға қойылған. Мамандар сөзінше, бұл жаңа жылжымалы зертхана экология саласындағы ең маңызды әрі жедел қызмет түрі болмақ.

Фото: Әділбек Самаликов

Айта кетейік, дәл осы жылжымалы зертхана техникасымен облыстық экология департаментінің  мамандары жұмыс жүргізетін болады. Олар қала, алыс аудандар да орналасқан  зауыттар мен өндіріс ошақтарынан шығатын ауа ластаушы және қоршаған ортаға зиян келтіретін заттарға қарсы тұрады.