Фото: Санат Аралбек

Тараз. 77news — Таразда нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады, – деп хабарлайды 77news.kz  ақпарат агенттігінің тілшісі.

Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Тараз қаласындағы сауда нүктелерінде бір бөлке нанның бағасы 75 теңгеге дейін көтерілген.  Бірақ, кәсіпкерлермен кездескен облыс билігі бағаны тұрақтандырып, оны 60-65 теңге көлемінде қалдырған болатын.

Фото: Санат Аралбек

«Ас атасының қымбаттауына астық пен ұн бағасының көтерілуі себеп болды. Бағаны көтеруді наубайшылар да қалап отыр»,- дейді Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев.

Бұған дейін Тараз қаласындағы нан бағасы еліміздегі ең арзан баға саналатын.