Фото: Әділбек Самаликов

Тараз. 77news — Бүгін Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев жастармен жүздесті.  Ел мерейіне бөленіп жүрген азамат жастарға ағалық ақылын айтып,  кәсіп ашудағы естеліктерімен бөлісті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жастар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шарада мал шаруашылығын дамытып жүрген азамат Сайрамбаев Дөненбаев бастан өткен қызықты оқиғаларын жастарға баяндап берді. Ол 1996 жылы «Шәушен» шаруа қожалығын құрып, бүгінде Жарлысу ауылының 220 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Айта кетейік, еңбек адамы желтоқсан айында Елбасының қолынан Еңбек Ері атағын алған болатын. Басқосуда колледж студенттеріне адал еңбек ету керектігін айтып, Қазақстанның дамуына бас болып үлес қосу қажеттігін жеткізді. Балалық балғын шаққа да саяхат жасады.

Фото: Әділбек Самаликов

«…Сан үйрену маған қиын болды. Тіпті 10-ға дейін санай алмайтынмын. Содан әйтеуір санауды үйрендім, әрине, әкемнің таяғының арқасында. Одан жүздікті үйрендік. 3-ші күні мал санау менің мойныма жүктелді.  Әкем аттан түсіп мал санаған емес.  Одан кейін, әкем маған 1 айда арифметиканы жаттатты. Бір айда үйреніп шықтым. Сонда әкем, сендердің өмірлерін есеп болады. Біздің өміріміз есепсіз болды. Ағайынмен тапқанымызды бөлісе өмір сүретінбіз дейтін. Расыннда қазір  өмір есеп.» , — дейді «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаев.

Фото: Әділбек Самаликов

Кездесу барысында еңбек ері 7 жыл қой бағып, саудамен айналысқанын студенттерге әңгімелеп берді. Бұл жастардың таңданысын туғызса керек, әсерлі әңгімені зейін қойып тыңдады. Бұдан бөлек, ел ағасы ұстаздаздарының айтқан ақыл өнегесі, таяғы  өмірлік сабақ болғанын айтады.