Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news —  Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қалмұханбет Қасымовты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлық шықты.

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын, делінген Ақордада жарияланған мәлімдемеде.