Фото: Азат Байтемір

Тараз. 77news — Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл. Осыған орай, Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов соғыс көрген ардагерлердің үйіне барып, азық-түлік табыстады, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Фото: Азат Байтемір

Алдымен Ғалымжан Әбдірайымов  ардагер Үшбаев  Қайраттың қарашаңырағына табан тіреді. Майданнан аман-есен оралған азаматтың бірі. Осыдан 5 жыл бұрын жанұясында құтты жағдай орын алып, сұм соғыстың қиындығы су сепкендей сейілді. Өйткені әкімдік батырдын еңбегін елеп,  2 бөлмелі пәтер берген. Бүгінде бір шаңырақ астында  өмірлік жары, ұлы және немерелерімен тұрып жатыр.

Фото: Азат Байтемір

Ғалымжан Райылұлы ауған жерінде бақилық болған Нұрлан Омаровтың отбасымен де жүздесті. Марқұм Омаровтың ерлігі кімді болсын таңғалдырмай қоймайды. Өйткені сонау  88-жылдың   мамырында майданнан  қайтар  сәтте, сарбарздың көлігіне жау оқ жаудырады. Өртке оранған көлік ішінен Омаров лезде жауынгер жолдастарын шығарып, өзі құздан құлап, ерлікпен жан тапсырыпты.  Шаһар басшысы әсерлі әңгімені тыңдап, ата-анасына басшылық тараптан көмек көрсетті.

Айта кетейік, қазір облыста 1000-нан аса ауған ардагерлері тұрады. Оның 466-сы Тараздық азаматтар.