Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news —  Жуалы ауданының бұған дейін басқарып келген Бақтияр Көпбосынов жаңа қызметке тағайындалды. Енді экс-әкім облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды 77news.kАА тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Жуалы ауданының әкімі болып Нарбай Әбілқасымұлы Ергебеков тағайындалды.

Нарбай Әбілқасымұлы Ергебеков 1963 жылы туылған. Білімі жоғары. 1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «гидромелиорация», 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «жерге орналастыру және жер ресурстарын басқару» мамандықтары бойынша бітірген.