Тараз. 77news — бұған дейін аудан әкімі қызметін атқарған Балабек Нарбаев облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

ҚР Президент әкімшілігінің және аудандық мәслиxаттың келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы «14» наурыздағы №39-Ж/Қ өкімімен Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек Сарысу ауданының әкімі қызметін атқаратын болды.