Фото: 77TV

Тараз. 77news — Бүгін Жамбыл облысына Германиядан 112 ірі қара әкелінді, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Жамбыл облысы  ет бағытындағы шаруашылықта  әлеуеті зор. Осы орайда,  бүгін   «Симментал» тұқымды  ірі қаралар облысқа жеткізілді.

Жалпы, кәрі құрлықтан жеткізілген мүйізді ірі қараның саны 112  бас.  Тапсырысты «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы шаруа қожалықтары алдырған. Жалпы құны 80 млн теңгені құрапты. Енді «симментал» тұқымдас сиырлар «Талас» ауданындағы «Ынтымақ» пен «Кәусар» қожалықтарында көбеймек. Айта кетейік, бұл ірі қараның ерекшелігі  жем-шөп талғамайды.

Енді ағымдағы жылы қожалық иелері  бұл тұқымдас ірі қараның санын тағы да 2 мыңға көбейтуді көздеп отыр.