Әзірге Жаңа жылдың ауылы жақындай қойған жоқ, дегенмен мерекенің дүрбелеңі басталып келеді.  Ірі мегаполистерден бастап түкпірдегі аудандарға дейін көше-көшелерді безендіруге кіріседі. Дегенмен бюджеттен бұл мерекеге арнап орын бөлмейтіндер де бар екен.  Назарларыңызға ел аумағындағы жаңа жылға дайындық барысын ұсынамыз.

Қазірдің өзінде көне шаһардың орталығында ұзындығы 20 метр болатын жаңа жылдық шырша орнатылды. Бұдан бөлек мерекеге дайындық ретінде Тараздың әртүрлі орындарында тағы 12 шырша қойылған. Атап айтсақ, Тұңғыш Президенттің саябағында, мәдениет үйінің жанында, Aray Plaza қонақ үй кешенінде, сонымен бірге «Ежелгі Тараз» археологиялық паркінде орналастырылған. Жалпы бұлардың барлығына бюджеттен 2,5 млн. теңге бөлініпті. Өңірлік мәдениет өкілдерінің айтуынша, барлық шырша ағаштары синтетикалық материалдардан жасалған. Яғни, ағашқа ешқандай зиян келтірмеген.

77 TV арнасының сюжетінен кадр

Петропавлда бюджеттен мерекеге бөлінген қаржы – 0 теңге. Бұл жайында СҚО әкімдігі хабарлады. «Петропавл бюджетінен бұл мерекеге дәл осындай қаржы бөлінеді. Өңір басшысы  Құмар Ақсақалов қала басшылығына былтырғы жаңа жылдық материалдарды пайдалануды тапсырды», — деп жазған еді бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Тимур Абдреш. Яғни қала бюджетінен  мереке арнап қаржы бөлінбейді. СҚО әкімі ең үнемді жолы – былтырғы мерекелік безендірулерді қолдану есептейді.

«Біз жаңа жылдық шыршаның санын арттырмаймыз. Қаланың былтырғы жасанды шыршасы мен гирлянд, иллюминациялары бар. Дәл соларды қолдану керек. Ал мұз қалашығын демеушілердің қаражатына соққан жөн. Бізге қордан қаражат жұмсау тәжерибесінен алшақ болуды үйрену қажет деді», — деген еді Құмар Ақсақалов.

Оның сөзінше, үнемделген қаржыны қаланың өзге де қажеттіліктеріне жұмсау қажет. Статистикаға сүйенсек, 2012 жылы Петропавлдың жаңа жылдық безендіруіне 23 млн теңге, 2013 жылы 13 млн теңге, 2015 жылы 24 млн, ал 2017 жылы 8 млн теңге жұмсалған екен.

Петропавлдан кейін Астана әкімдігі де мерекелік безендіруге кететін қаржыны үнемдеуге кіріскендей. Қала басшылығы жаңа жылдық дайындықтарға нақты қанша қаражат жұмсалатыны жайында жоспарының жоқтығын мәлімдеп, көпшілікті қосымша қаражаттың жұмсалмайтынына сендірді.

«Алда Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні тәрізді мемлекеттік мерекелер бар. Астана әкімшілігі сол атаулы күндерді тойлауға дайындық үстінде. Жаңа жылдық мерекені атап өтумен қаланы безендірілуін жоспарлау мемелекеттік мерекені атап өткеннен кейін басталмақ. Бірақ ешқандай қосымша шығындар болмайды», — деп хабарлаған еді Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтауда жаңа жылдық мерекеге 13,9 миллион теңге қаражат бөлініп қойылған, бұл 2016 жылғымен салыстырғанда 5 есе кем қаражат. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауы бойынша нақты қанша қаражат жұмсалатыны жайында ақпарат байқаудан кейін белгілі болады. Қалада безендіру жұмыстары  тек екі алаңда өтеді. Олар —  «Ынтымақ» және «Астана», сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ ғимаратының алдындағы кеңістік  және облыс әкімдігі.

Бәрінен артық Алматы әкімшілігі шығындалмақ. InAlmaty.kz сайтының хабарлауынша, қала тұрғындарына жаңа жылдық көңіл күй сыйлауға өңір қорынан 630 миллион теңге қаражат жұмсалмақ.

«Алматы қаласы Мәдениет және Архивтер» басқармасының   қорынан  175 миллион теңге бөлінген. Желтоқсан айында болатын барлық мерекеге аудандық әкімшілікке 429 миллион теңге және одан бөлек «Тәуелсіздік» монументі мен   «Тәуелсіздік Таңы» ескерткішінің алдына қойылатын гүлге   26 миллион тенге  бөлінген», — деп жазылған ресурста.

Алматы әкімшілігінің анықтауы бойынша қала безендіруіне   260 км гирлянд және  6800 элемент сатылып алынады. Лауазымды тұлғалардың сөзіне  қарай бұл элементтерді 10-15 жыл қолдануға болады. Бұл қаражат жаңа жылдық мерекеден бөлек ҚР тұңғыш Презитенті күні мен Тәуелсіздік күніне жұмсалынған.

Айжан ДЫБЫСАЛЫ