Тараз. 77news —  Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Facebook әлеуметтік желісінде парақшасын ашты, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Аймақтың дамуы, оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуы Сіз бен біздің «бір қолдың саласындай» бірлесе жүргізетін жұмысымызға тікелей байланысты екендігі белгілі. Сол себепті, бұл бағытта атқарылар шаралардың тиімділігін арттыру, нәтижелі ету – ортақ мүддеміз. Осы орайда, жергілікті атқарушы органдар мен халық арасындағы байланысты бекіте түсу мақсатында «Facebook» әлеуметтік желісінде жеке парақшам ашылып отыр. 
Киелі Әулиеата өңіріне қызметке келген күннен бастап тұрғындармен, зиялы қауыммен байланыса отырып, бірқатар істі еңсердік. Алда жүзеге асырылар жобалар да аз емес. Пікір алмасу алаңын тиімді пайдалана отырып, облысымыздың қоғамдық өміріне, әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларына қатысты өз ойларыңызды, ұсыныстарыңызды білдірерсіздер деген сенімдемін.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың жеке парақшасы