Фото:Total.kz

Тараз. 24 қараша. 77news — 25-26 қарашада «Тараз-Арена» спорт сарайында еркін күрестен ересектер арасында халықаралық турнир өтеді. Д.А.Қонаевты еске алуға арналған спорт сайысына Қазақстаннан ғана емес алыс-жақын шетелдерден де қатысушылар келеді. 

Жыл сайын өтетін дәстүрлі жарыс  51-125 келі аралығында 8 салмақ категориясы бойынша өтеді. Балуандар Ресей, Украина, Беларусь, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Бразилия, Польша және Жапония елдерінен келмек. Ал еліміз бойынша өңірден-өңірдегі балуандар қатысады.

Жамбыл облыстық спорт басқармасы, Қазақстан күрес федерациясы арқылы ұйымдастырылып, «Altais Group» компаниясы демеушілік жасаған сайыстың жалпы жүлде қоры — 88 мың доллар. Бас жүлдені қанжылаған балуанға 5 мың доллар, оның жаттықтырушысына 1 мың доллар беріледі. Екінші орын иеленген спортшыға 3 мың доллар, ал үшінші орын иегерлеріне 1 мың доллардан бұйырады.

2002 жылы ашылған «Altais» компаниясы мұнай өнімдерін жүзеге асырумен айналысады. Аз уақыт ішінде компания жұмыс істейтін саласын кеңейтіп үлгерді. Қазір Әлімбек Жұмабаев басқаратын «Altais Group» ЖШС-да 100-ден аса қызметкер жұмыс істейді.