Тараз. 77news — Қаратауда 9 жасар жасөспірімді өлтірген қанды қол ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы мәлімдеді, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Өздеріңізге белгілі, 24 сәуір күні Қаратау қаласында 9 жасар жасөспірім жоғалып, кейіннен өлі денесі табылған еді. Жедел іздестірудің нәтижесінде қылмыскер табылды.

Департамент бастығының сөзіне сенсек, қылмыскер 37 жастағы азамат. Бұрын сотты болған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқан көрінеді.