Фото: 77TV

Тараз. 77news — 28 сәуір – дүниежүзілік еңбекті қорғау күні.  Осыған орай, облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастырумен мамандар арасында семинар-кеңес өтті, —  деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі.

Фото: 77TV

Көрсеткіштерге назар аударатын болсақ, елімізде өткен жылы 1568 жұмысшы өндірістік еңбек барсында жазатайым жағдайға ұшыраған. Салдарынан 220-ға жуық азамат жан тапсырыпты. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында-ақ  өңірде 18 жазатайым оқиғасы тіркеліпті. 3 жұмысшы қайтыс болған. Талдауға сүйенсек, жағдаяттардың дені қос себепке байланысты. Әуелгісі жұмысшылардың өрескел қателігінен, сосын жұмыс берушінің үйлестіруінен кеткен кемшілік.

Фото: 77TV

Өткен жылы өндірістік мекемелердегі ұжымдарға еңбек заңнамасын түсіндіру мақсатында 103 семинар өткізіліпті. Бұған бас-аяғы 3300-ге жуық қызметкер тартылған. Жауапты тарап бұдан бөлек, еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс берушілерге бірқатар  міндеттерді жүктепті.

Фото: 77TV

Жиында қызмет барысындағы жазатайым жағдайларды алдын-алудың оңтайлы әдісі – ұжымдық шарттарды жүйелі маңызды істің бірі екені айталды.  Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс кәсіпорындарында 1002 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау  жөнінде кеңестер құрылған. Мұнда қазір 1300-ге тарта еңбек дауларын шешетін комиссиялар қызмет атқаруда.