Фото: Today.kz

    «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын.

     «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. Осыған орай назарларыңызға «100 жаңа есім» жобасына Жамбыл өңірінен ұсынылған азаматтар тізімін ұсынамыз.

Сейдәзімов Сембек Әбетайұлы — Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің хатшысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы.

Габидуллина Зульфия Раухатовна — Рио-де-Жанейро қаласында өткен ХV жазғы Паралимпиадалық ойындарының жүзуден жеңімпазы.

Ибраева Эльмира Алиқанқызы — «Дос Тараз» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Исмазов Руслан Бакирович — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері.

Таңатаров Ақжүрек Достықұлы — Лондон қаласында өткен ХХХ жазғы олимпиада ойындарының  қола жүлдегері.

Исламхан Бауыржан Ербосынұлы — Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны.