Фото:Yvision

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» − Елбасының Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында жасалған ауқымды жоба. Жобаны үйлестіруші – Мәдениет және спорт министрлігі болғанда, оны орындаушы  – Ұлттық музейдің жанынан құрылған «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы. Жобаны жүзеге асыру үшін орталықта Хангелді Әбжанов, Зейнолла Самашев, Карл Байпақов, Александр Гаркавец, Меруерт Әбусейітова сынды әр саланың білік­ті ғалымдарынан құрылған жұмыс тобы жасақ­талғанын  атап өту қажет.

Жобаны жүзеге асыру барысында осы уақытқа дейін еліміз бойынша киелі жер ретінде 100-ден аса нысанның тізімге алынған, оның ішінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енген тарихи және мәдени ескерткіштер бар.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына Жамбыл облысынан да  8 киелі орны анықталып, ұсынылған еді.

Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені

Фото:Botalovs

 Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.)

Фото:silkadv.com

«Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ.)

Фото:Сulturemap.kz

 Тектұрмас кешені (ХІV ғ.)

Фото:КерекИнфо

 Қарахан кесенесі (ХІІ ғ.)

Фото:silkadv.com

Айша бибі кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.)

 Бабажы Хатун мазары (ХІ-ХІІ ғғ.)

Фото:El.kz

«Байзақ батыр Мәмбетұлы» кесенесі

Фото:Yvision

Жобаның жоспарына сәйкес «Киелі жерлер географиясы» ретінде 500-ге жуық нысан белгіленбек. Яғни, археологиялық және сәулет ескерткіштері, ерекше құрметтелетін діни нысандар, тарихи тұлғалар мен саяси оқиғаларға байланысты киелі жерлерді картаға кіргізу көзделуде.  Сол үшін аймақтармен бірлескен ақпарат жинау жұмысы жүріп жатыр.