ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен  Т.Рысқұлов ауданында «Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру алаңы ұйымдастырылды.

Аудан тұрғындары мен жастары, мекеме қызметкерлері  ақпараттық кеңес алу арқылы өздерін мазалаған сауалдарға жауап алды. Мобильді топ мүшелері өз қызметтері шеңберінде тұрғындар мен аудан жастарынан сауалнамалар алып, таратпа материалдар арқылы кең ауқымды ақпараттандыру жұмысын жүргізді.

Аталмыш шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Исламов Нұркен Абдысадықұлы,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің штаб басшысы Тубаев Ғани Салиевич, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Тумабеков Ермек Абдуллаевич арнайы қатысты.

Іс-шара аясында дін өкілдерімен, Құлан агротехникалық колледжі ұжымымен, студенттермен,Құлан ауылдық округі мемлекеттік қызметшілерімен,  аудандық орталық аурухана дәрігерлерімен кездесулер, еркін форматта сұхбаттар  өткізілді.

Дін саласы өкілдерімен, ауылдық мешіт имамдарымен және АТТ мүшелері-ауылдық округ бас мамандарымен кездесу өтті. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Л.Ш.Өтеулиева имамдар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптарын беріп, алдағы уақытта атқарылар жоспарларымен, аудандағы жат ағымдағы азаматтармен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпаратын жеткізді. Имамдар тарапынан берілген ұсыныстардың  орындалуы бақылауға алынатынын айтты.