Т.Рысқұлов ауданында  35 сайлау учаскесінде бір мезгілде Қазақстан Республикасы  Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сайлау күніне ауданның барлық сайлау учаскелері барлық талаптарды сақтай отырып,  жұмыс атқарды. Аудан тұрғындары таңнан саяси науқанға өз белсенділіктерін танытып, азаматтық парызын орындауға бір кісідей атсалысуда. Ауданда алғаш рет сайлаушы атанып отырған 238 жас, жасы ұлғайған 112 қарт  сайлаушы бар.

906 түрлі топтағы мүгедектер бар, оларға Заң талаптарына сай сайлау учаскелерінде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Сайлау учаскелерін салтанатты жағдайда ашқан аудан жұртшылығын ауылдық ардагерлер кеңесі төрағалары мен зиялы қауым өкілдері, қарт сайлаушылар құттықтады, жас сайлаушылар мен бірінші дауыс берген сайлаушыларға символикалық сыйлықтар тапсырылды.

 

Аудан әкімі Е.С.Садырқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Е.Жаманбаев, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Қ.Қ.Бижанов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы П.Ә.Сүлейменов  Құлан ауылындағы №342 сайлау учаскесінде дауыс беріп, халықпен жүздесті.