«Жуалы» балаларды оңалту орталығы ашылды. Балаларды қорғау күні аудан орталығында кәсіпкер Мұхамедғали Дәмираның ұйытқы болуымен 4-16 жас аралығындағы балаларға арналған «Жуалы» балаларды оңалту орталығы ашылды,-деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Орталықтың ашылу салтанатына ата-аналар мен балалар жиналды. Жиынды аудан әкімі Нарбай Ергебеков ашып, игі тілегін жеткізді.

Құрметті ата-аналар! Бүгінгі Балалар мерекесі, ашылып отырған орталығымыз құтты болсын. Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар үшін өте үлкен көмек,- деді Нарбай Әбілқасымұлы.

Орталықта түрлі қоғамға бейімдеу, емдеу шаралары жүргізіледі. Жалпы, елімізде әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ауданымызда да бұл мәселе басты назарда. Бүгінгі орталықтың ашылуы да соның бір дәлелі.

Орталықты ашып отырған кәсіпкер Дәмира Жолшанқызына біз алғыс айта отырып, жұмысына тек қана сәттілік тілейміз. Орталықтың лентасын аудан әкімі Нарбай Ергебеков пен ауыл ақсақалы Шәкір Рахманқұлов қиды. Аналар тәттіден шашу шашып, құтты болсын айтты. Жиналған көпшілік ішке кіріп, орталықтың жұмыс кабинеттерімен танысты.

-Орталық 25 балаға арналған. Жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Орталықтың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу, емдеу, мүмкіндігі шектеулі баланың атаанасына көмектесу. Себебі, көптеген мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары үйінде жұмысқа шыға алмай отыр. Ал, бұл жерде балалармен арнайы мамандар жұмыс істейді. Орталықта 9 кісі қызмет көрсетеді. О л а р : м а с с а ж ж а с а у ш ы , е м д і к денешынықтыру үйрету маманы, логопед, дефектолог, психолог, педиатр дәрігер, медбике, т.б. Орталықта балаларға бес мезгіл тамақ беріледі. Алғашқы айда ақылы, яғни төлемақысы 20 мың теңге. Әрі қарай денсаулығына байланысты құжаттары дайын болған соң мемлекетттік әлеуметтік бағдарлама аясында тегін, яғни квотамен қызмет көрсететін болады. Орталық тікелей аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Ата-аналар орталықтың ашылғанына өте қуанышты, ризашылықтарын білдіруде. Осы орталықты ашуыма көмек-қолдау көрсеткені үшін аудан басшыларына үлкен алғысымды білдіремін,-дейді орталықтың иесі Дәмира Жолшанқызы.