Мемлекеттік қызмет — бұл менің саналы кәсіби өмірім бойы жүріп өткен міндетім.

Мен  «жаңа буынның» мемлекеттік қызметшісі  екенімді мақтан  тұтамын және төмендегідей қасиеттеріммен ерекшеленемін:

20 жыл бойы еліміздің экономика саласында, атап айтар болсам, қаржы-экономикалық, банктік, қоғамдық, кәсіпкерлік, журналистік және мемлекеттік жүйелер саласында еңбек ету арқылы жан-жақты білім мен дағдылар, тәжірибе жинақтадым. Бұл маған мемлекеттік қызметке дейін жұмыс істеген салаларда тиімді шешім қабылдау кезінде септігін тигізіп келді. 2016 және 2017 жылдары Жамбыл облысы кәсіпкерлік саласындағы барлық көрсеткіштерді орындауға: «Бизнестің жол картасы 2020», ИИДМБ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде бизнесті жеңілдікпен несиелеуді жүзеге асыруға сіңірген еңбегім үшін «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» ордені, облыс кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесім үшін «Атамекен» медалі және «Даму» қорының Құрмет грамотасымен марапатталдым.

Мен қатардағы маманнан бірінші басшыға дейін жоғарылау үшін кәсіби өсудің барлық кезеңдерінен өттім және бұл өсу маған шағын және үлкен ұжымдағы кадрларды корпоративтік рухта тәрбилей отырып, басқаруға мүмкіндік береді.

2009 жылдан бастап бірінші басшы ретінде мен басқарған мекемелер          19 грамотамен және алғыс хаттармен расталып, Қазақстан бойынша көшбасшылардың үштігіне кірді. 2018 жылдың қорытындысы негізінде мен Қазақстан бойынша туризм саласындағы көшбасшылығым үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталдым.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жазбаша және ауызша еркін меңгергенмін. Бұл біздің мемлекетіміздің көп ұлтты болуына байланысты мемлекеттік қызметте кәсіби қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен серіктестік үдерісінде үлкен артықшылықтар береді. 2018 жылы «Әлемнің әйгілі туристік нысандарының тізімі» толықтырылғаны үшін маған Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының «Рубин кавалерінің ордені» табыс етілді.  Оған Жамбыл облысы туризм басқармасының ықпалымен «Ақыртас» жұмбақ сарай кешені мен «Айша бибі» тарихи кесенесі енгізілді.

Интернет ресурстары мен әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысымын. Ақпаратты қажетті мақсатты аудиторияға жедел жеткізу және кері байланыс алу үшін арнайы білім, ұзақ мерзімді және тұрақты жеке беттердің, ең танымал әлеуметтік желілердің болуы қажет. Бұл мемлекеттік қызмет шеңберінде атқарылған жұмыстарды ашық көрсетуге және халықтан қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік береді. Мен әлеуметтік желілерде тиімді жұмыс істеу тәжірибесін «Атамекен»өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры қызметін атқару кезінде жинақтадым. Туризм басқармасының ағымдағы қызметі туралы әлеуметтік желілердегі күнделікті постылардың арқасында өңірлік блогерлер мен қоғам қайраткерлері мені өздерінің тәуелсіз рейтингтерінде кәсіби қызметін ашық көрсететін, сондай-ақ, әлеуметтік желіге келіп түскен барлық сұрақтарға жеке және уақытында жауап беретін «мемлекеттік қызметтегі көшбасшылар үштігіне» енгізді.

Отбасылық дәстүрлер мен ұстанымдарды қатаң сақтау, үш бала мен туыстары бар толыққанды отбасының болуы үлгілі мемлекеттік қызметші атануға мүмкіндік береді. Отанасының, ананың, келіннің және әпке-сіңлілердің міндетін асқан жауапкершілікпен орындау арқылы халық тарапынан құрметке бөленіп келемін және қызметтік міндеттерді орындау кезінде сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Журналистика саласындағы хоббиім — «Бизнес уақыты» атты аймақтық «77 ТВ» телеарнасында авторлық хабарын жасау және жүргізу. Бағдарламаның мақсаты — Жамбыл облысындағы ең табысты кәсіпкерлердің жұмыстарын көрсету арқылы өскелең ұрпаққа үлгі мен тәжірибе көрсету.

Әр түрлі қайырымдылық акциялар мен волонтерлік қозғалыстарға қатысу және жанашыр болу, көмек және қолдау көрсету, қоршаған адамдармен шынайы достық қарым-қатынаста болу мемлекеттік қызметкердің адами және жеке қасиеттерін аша түседі.  Мен Жамбыл облысындағы  өңір бойынша құрамына 70-тен астам белсенді әйелдер тартылған «Іскер әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы және бірінші басшысы болып табыламын.  Аталған Кеңестің мақсаты — көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ мүгедек балаларға көмек көрсету, ауылдық әйелдерді бизнесті жүргізу негіздеріне оқыту және оларға бастапқы бизнес-жобаларды толық іске асырғанға дейін қолдау көрсету.

Егер құрметті комиссия мүшелері менің Жамбыл облысының кәсіпкерлік және туризм саласын дамытуға қосқан еңбегімді ескере келе, «Үздік мемлекеттік қызметші» атағына лайықты үміткер деп санаса, мен алдағы уақытта да осындай биік абыройға лайықты болу үшін барынша күш-жігерімді жұмсаймын!