БАҚ қызметкерлері күніне орай, «77 tv» коммерциялық телеарнасының директоры Зарина Қуатова ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Бұдан бөлек, орыс редакциясының шеф-редакторы Күләш Өмірзақова Облыс әкімінің Құрмет грамотасын, журналист-редактор Аят Асқарбекұлы Облыс әкімінің Алғыс хатын иеленді. Ал телеарнаның тележүргізуші Перизат Қуатқызы облыстың «Үздік журналисі» атанды.Сондай-ақ, ұжымдағы әріптестеріміз 100% облыс, қала көлеміндегі марапаттарға ие болды.

Бұқаралық ақпарат саласындағы журналистердің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты кеш өтті.
Журналистер қауымын облыс әкімі А.Мырзахметов төл мерекелерімен құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне алғыс білдірді. БАҚ өкілдері үшін биылғы жылдың ерекше бір сыйы «Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің «АЛҒЫС ХАТЫМЕН» облыстың белді редакциялары марапатталды. 


Марапат иелері: «AQ JOL» газетінің бас редакторы К.Сәттібайұлы, «JAMBYL» телеарнасының бас редакторы Ж.Әбдіманап, «Салық тәртібі» газетінің бас редакторы Ғ.Қасабай, «JAMBYL — TARAZ» газетінің бас редакторы Э.Мырза-Ғали, «77 ТV» телеарнасының бас редакторы З.Қуатова, «АРАЙ» газетінің бас редакторы Д.Төлендіұлы. 


Сонымен бірге, облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен» және облыстық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен» марапатталған журналистер көпшіліктің қошеметіне ие болды.


Ал, Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы атынан баспасөз саласындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегі үшін Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен облыстағы редакция ұжымдары марапатталды.
Жыл бойы нәтижелі еңбек етіп, ақпарат алаңында айрықша белсенділік танытқан журналистер облыс әкімінің атынан «Үздік журналист», «Үздік баспасөз хатшысы» аталымдары бойынша марапатқа ие болды. 


Жылдың ең үздік басылымы да айқындалып Жастар жылы аясында «АРАЙ» газетінің редакциясы «Жаңалықтар жаршысы» аталымын иеленді.
Сондай-ақ, салтанатты кешке келген барлық басылым редакторлары мен меншікті тілшілер қауымы назардан тыс қалмай, олардың барлығына сыйақылар үлестірілді.