Ауданда жұмыс сапарымен болған өңір басшысы Асқар Мырзахметов әр ауылдың  әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында аудан активі мен ауылдық округ мамандары, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер қатысқан келелі кеңес өткізді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Аймақ басшысы өз сөзінде кооперативтерді құру арқылы әрбір ауылдың экономикасын көтеру, үй іргесіндегі жерлердің игерілу жағдайын сөз етті.Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы аудан әкімі Е.С.Садырқұлов баяндады:Ауданда 13500 аулада 65 мыңға жуық адам тұрады. Мал ұстап отырған аула саны — 6188. Ал үй жанындағы жердің жалпы көлемі 1228 гектарды құрайды. Қарапайым заттар экономикасы» мәселелері бойынша ауылдарда туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, оның жұмысын сапалы жолға қою мәселелері туралы нақтыланған жоспарлармен таныстырды. Алдағы уақытта бұл бағытта аудан көлемінде атқарылар жұмыстар туралы жоспар мен жұмыс көлемі айқындалды.

Т.РЫСҚҰЛОВ ауданында жалпы  сүт бағытындағы 3 ауыл шаруашылығы кооперативі  176,0 млн. теңгеге 755 мүйізді ірі қара, ет бағытындағы 4 ауыл шаруашылығы кооперативі  395,8 млн. теңгеге    2030 мүйізді ірі қара сатып алған. 2 модульді сүт қабылдау пункті – 5,0 млн. тг; 1 ет тасымалдау көлігі – 3,7 млн. тг;1 модульді мал сою пункті – 11,0 млн. тг. қаржығы жарақтандырылған.Жалпы ауданда 42 елді мекен болса, аула саны- 13551, Мал ұстайтын аула саны /отбасы/- 6198. Ауылдық округтерде  15 ауыл шаруашылығы өнімдері кооперативі жолға қойылуда, қажетті құрал-жабдықтар алуға 87,5 млн.тг, Аз қамтылған 614 аулаға қажетті қаражат- 307,0 млн.тг; Шағын және орта бизнесті   дамытуға 70 жоба 623,5 млн.тг, СПК қажетті көліктер сатып алуға 20,0 млн.тг, Мал сою алаңының құрылысына (КМК) 15,0 млн.тг, «Астана» сүт зауытын іске қосуға 80,0 млн.тг, барлығы т 1133,0 млн.тг. қаржы қажет. Барлық елді мекендердегі малды «Құлан мал дәрігері» КМК жанындағы мал сою алаңында санитарлық талаптарға сәйкес сойып, бір жерден ұйымдасқан түрде үлкен нарыққа өткеру жоспары барлығы 3015тн. Мал бордақылаумен айналысатын әр ауланың жылдық табысы 3015 тн.