Ұлттық домбыра күніне орай қаламызда «Көне тараз күмбірі» атты I республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті. Ұлттық музыканы ұлықтау мақсатында өткен сазды сайысқа ел аймақтарынан да өнер иелері қатысты. Өңір басшысының қолдауымен ұйымдастырылған шараға күй ардагерлері де арнайы келді.  Тағы бір тілге тиек ететіні мұнда күйлер жинағының да тұсауы кесілді деп хабарлайды 77NEWS тілшісі. 

Аталған шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 ансамбль өз өнерлерін ортаға салды. Бірінші кезеңде олар тарихтар сыр шертетін күй орындаса, келесі кезекте  Жетісулық шығармаларды шертті. Өңірден шыққан атақты күйшілер де осында. Солардың бірі — Әбдімомын Желдібаев. Тұлғаның өзі мұнда  қазылық етіп, жас буынның жаңа шығармаларына баға берді.

Айта кетейік жарыстың басты кезеңі аяқталған соң 300 өнерпаз арнайы ұйымдастырылған домыра party-ге қатысты. Олар онда «Ерке сылқым»«Сарыарқа» секілді күйлерді  күйші Аман Малдыбаевпен бірге орындады. Қаймана қазақтың маңдайына біткен дәстүрлі  өнердің бүгінгі дәрежесін көріп, жас өнерпаздарға риза екендігін айтады, жамбылдық сазгер.

Тағы бір айта кетерлігі,  шарада  «Көне Тараз күмбірі» атты күйлер жинағының тұсауы кесілді. Оған жарыста орындалған  17 шығарма  енгізілген. Мұнда келген әрбір қатысушының басты арманы сонау Күйші Дина мен Құрманғазының ізін адалдықпен басып, өлмейтін, өшпейтін туынды қалдыру.

Сайыс қорытындысы бойынша Алматы «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблібас жүлде иегері атанды.Ал,  1 орын Нұр-сұлтандық «Қобызға» бұйырды. Көкшетаулық «Айнамкөл» мен Шымкенттік  «Тұмар» ансамбльдері болса 2 орынды өзара бөлісті. Өңірлік «Таразғасыр» мен Ақмола облысынан келген «Оқжетпес» ансамбльдері  3 орынға тұрақтады.Олардың барылығына да қомақты қаражат табыс етілді. Одан бөлек,  арнайы дипломдармен марпатталғандарға 100 мың теңгенің сертификаты берілді.