Фото:e-event.kz

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды.

Осы бағдарлама аясында назарларыңызға өңірімізден шыққан тау тұлғалы азаматтардың кіндік қаны тамған жері туралы хабарлар легін ұсынамыз. «Туған жердің» кейіпкерлерінің бірі — өнер қайраткері Асанәлі Әшімов.