Фото:Arnapress

Жамбыл облысында Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектердің 45 проценті 100-ден жоғары балл жинады, – деп хабарлайды 24.kz

ҰБТ-ға жалпы саны 6 мың адам адам қатысқан. Мамандар маңызды емтихан кезінде тәртіп, заң бұзу әрекеттері тіркелген жоқ деп отыр. Енді 13-20 шілде аралығында түлектер мемлекеттік білім гранттары байқауына қатысу үшін құжаттарын өткізеді. Ал жазғы демалысқа шыққан оқушылар сауықтыру лагерьлерінде демалады.

– Өтініш берген оқушылардың 98 пайызы ҰБТ-ға қатысты. Жалпы оқушылардың көрсеткіштері берілген нұсқаулыққа сәйкес жүргізілді. Оқушыларымыздың көрсеткіштері жаман емес, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырова.