Бүгінде оңай олжаға кенеліп, еңбек етудің орнына есірткіге елікендер саны  аз емес. Бұл дерек құзырлы қызметтің тексерісі барысында анықталып отыр.  Мәселен, күні кеше Меркіде  жабайы марихуананы орып, жинап жатқан жерінен 27 жастағы азамат құрықталды.

 Оның кендір қурайға қызыққаны соншалық, 615 келісін жинап үлгерген. Бұрын соңды істі болмаған тұрғынның   бұл кәсіпті қай уақытта бастағаны да белгісіз. Кәнісін толықтай мойындаған ол қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына  қамалды.  Сондай-ақ,құқық қорғаушылар  35 жасар Шулық азаматты да есірткімен ұстады.  «Mitsubishi Pajero» маркалы темір тұларды тінту барысында, көліктің жүксалғышынан 15 келіден астам кептірілген марихуанана табылады.Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, онда ол жеті жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынын айырылуы  мүмкін.