Фото:Freeads.kz

Бүгін Тараз қаласына арыстық 100-ден аса бала жазғы демалыс лагерьлерінде тынығуға келді. Балаларды Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта күтіп алды деп хабарлайды 77News тілшісі. 

28 маусым күні 101 арыстық балаларды алғашқы болып Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жасөркен ауылының аумағында орналасқан «Болашақ» сауықтыру лагері күтіп алды.

Жуалы ауданындағы «Тау самалы» сауықтыру кешенінде Тараз қаласында ата-аналарымен жүрген арыстық 10 бала және «Бәйтерек» лагерінде 6 бала демалуда.

Бүгінде жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар демалуға қажетті (спорттық, шомылу киіидері, гигиеналық заттар, аяқ және бас киімдер) барлық киім-кешектермен қамтамасы етілді. Балардың лагерьдегі демалыстары қызықты әрі есте қалатындай өткізу үшін, 1 ай бойы спорттық ойындар, түрлі үйірмелер, спектакльдер және өзге де танымдық кештері ұйымдастырылады.