Таразда қос көліктің қақтығысқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.  Тойота камри автоколігі кері бағытта жүріп келе жатқан жерінен ВАЗ 2114 маркалы темір тұлпарға соғысады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.  Бұл оқиға шілденің 1-і күні Тәуке хан мен Әуежай көшелерінің қиылысында орын алған. Полиция қызметкерлері сол күні заң бұзған азаматтарға әкімшілік хаттамалар толтырып, қос көлікті айып тұраққа жөнелтті.

«Тойота камри автоколігіне қатысты әкімшіклік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, дәл осы күні басқа да жол жүру ережесін бұзған азамат ұсталды. Анықталғандай ол кәмлеттік жасқа толмаған»,- дейді полиция капитаны Руслан Оразбеков.