Фото:Экспресс К

Жамбылдық тәртіп сақшылары сексеуіл тасымалдаушы азаматты құрықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы жылдың 4 шілдесінде Жамбыл облысының Патрульдік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Шу-Кордай тас жолының 58 шақырымында Камаз 53212 автокөлігін тоқтады. Тексеру барысында Мойынқұм ауданының 45 жастағы тұрғыны тиісті құжатсыз 4 текше метр сексеуілді  тасымалдап келе жатқан.  Бүгінгі таңда сот биологиялық сараптама тағайындады.