Фото:novostipmr.com

Мереке қарсаңындағы мерейлі істер жалғасуда. Шу ауданында тағы бір көпбалалы отбасы жомарт жанның арқасында баспаналы болды. Балуан Шолақ ауылының  кәсіпкер азаматы, «Қалқа» шаруа қожалығының жетекшісі Сағадат Мадалиев көп балалы жанұяға баспана кілтін табыс етті деп хабарлайды 77news тілшісі. 

 Игі іс облысымыздағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалып жатқан қайырымдылық шараларын жалғай түсті. Жанұяның қуанышына  «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалының бірінші орынбасары Найман Сұлтанбаев пен біршама шенеуніктер ортақтасты.