Таразда ұялы телефондардың IMEI-кодтарын өзгерткен қос  күдікті ұсталды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұялы телефондардың сәйкестендіру кодтарын заңсыз өзгертті деген күдікпен екі адамнан тұратын қылмыстық топты анықтады.

Тінту жүргізу барысында күдіктілердің пәтерінен дербес компьютер, ipad және 60 дана ұялы телефон табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда олардың барлығы ұрланған телефондардың базасы бойынша тексерілуде. Сонымен қатар, аталған азаматтарға ұялы құрылғыларды жеткізіп, сатып алған, кейіннен нарыққа өткізген деген күдікпен 33 жастағы облыс орталығының тұрғыны қолға түсті. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі  тергеу амалдары жүргізілуде